Әлсіздік, әлжуаздық, қауқарсыздық, осалдық

lat: Álsizdik, áljýazdyq, qaýqarsyzdyq, osaldyq

Әлсіз болушылық.

Мен қорқатын бір-aқ нәрсе бар, достар, ол өзімнің бойымдағы әлсіздік (Қ.Мырзалиев).

Болбырлық, әлжуаздық ер жігітке де, қыздарға да үлкен мін (С. Бердіғұлов).

Жылап отырып өзінің жалғыздығын, қауқарсыздығын шақты (Р. Тоқтаров).

Байқамай өз басының осалдығын,

Менмен бұл адамды бұзады екен (М. Әріпбеков).